Бүгін 23 мамыр күні Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Түркістан қаласы «Мәдениет үйінде» Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің және Түркістан қалалық әкімдігінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның ОҚО Өкілдігінің жанынан құрылған «Ақылдастар алқасының» ақпан айындағы «Жерлеу рәсімдеріндегі ысырапшылық» жайлы Үндеуін және «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері» тақырыбында кеңейтілген мәжіліс болып өтті.
Шараға Түркістан қаласының әкімінің орынбасары Ғани Құрмашұлы Рысбеков, Облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Батырбек Қаратайұлы, ҚМДБ, ОҚО өкілдігінің орынбасары, наиб имам Ақтамберді Мұсабек қажы, қалалық «Ақсақалдар алқасының» төрағасы Әзіретбергенов Жарылқасын, «Ардагерлер алқасының» төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов және қалалық ақсақалдар, ардагерлер, имам-молдалар, ауылдық округ әкімдері, ауыл ақсақалдары, мектептердің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, БАҚ өкілдері, зиялы қауым өкілдері қатысқан алқалы кеңейтілген мәжіліс болды.
Мәжілісті қала әкімінің орынбасары Ғани Құрмашұлы жүргізіп отырды. Күн тәртібінде «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері», «Жаназадағы ысырыпшылыққа жол бермеу мәселелері», «Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, оларды ізгілендіру» тақырыптарында баяндамалар жасалды.
Әуелі Облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Батырбек Қаратайұлы «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері» атты баяндаманы жасап көптеген дәстүрлеріміздегі мәселелерді көтерді. Баяндама кезегін ҚМДБ, ОҚО өкілдігінің орынбасары, наиб имам Ақтамберді Мұсабек қажы алып, көпшілікті әуелі Рамазан айымен құттықтап, Өкіл имам Бақтыбай қажы Қыдырбайұлының ыстық ықыласын жеткізді. Өз Мұсабек қажы өз баяндамасында «Жаназадағы ысырыпшылыққа жол бермеу мәселелері» тақырыбында қазіргі қоғамдағы өлім-жітімдегі дастархандағы ысырыпшылық, азалы үйде 3 күнге дейін ас бермеу т.б. бақталастық тудырып отырған, біреуге салмақ болатын мәселелерін көтерді. Олардан арылу керектігін айтты. Үндеу жан-жақты талқыланып, халыққа түсіндірілді. Ары қарай сөз кезегін «Ақсақалдар алқасының» төрағасы Әзіретбергенов Жарылқасын ақсақал алып, «Ұлттық құндылықтарымызды насихаттау, оларды ізгілендіру» тақырыптарында баяндама жасады, өз ойын ортаға салды. Қазіргі қоғамдағы өзекті болған мәселелерді қозғады. Баяндамашылардан соң Мәжілісте сұрақ-жауап кезегі орын алып, көпшілік тарапынан жан-жақты діни, қоғамдағы мәселелер жөнінде сұрақтар қойылып, шара барысында Облыстық дін істері басқармасы тарапынан, ҚМДБ, ОҚО өкілдігі тарапынан, қала әкімшілігі тарапынан нақты жауаптары берілді.
Шараның соңында Түркістан қаласы орталық «Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің бас имам Омар қажы Елеуұлы қорытынды жасап, бұл мәжілістегі көптеген мәселелер қаралып, нақты ұсыныстар айтылып, сын-ескертпелермен ұсыныстарға сәйкес толықтырулар енгізіп, ары арай халыққа түсіндіру қажеттігін айтты. Бұл Үндеуге тек қалалық, ауылдық барлық мешіт-имамдары ғана емес, «Ақсақалдар алқасы», «Ардагерлер алқасы», мешіт ақсақалдары, зиялы қауым, әкімшілік қызметкерлері болып насихаттауға жәрдемші болайық деген ұсынысын айтты. Өз тарапымыздан қолдай отырып, ел игілігі жолында қызмет қылып, бар күш жігерімізді саламыз деп уағдаласып тарасты.
Шара соңында ҚМДБ, ОҚО өкілдігінің орынбасары, наиб имам Ақтамберді Мұсабек қажы «Тұран-Түркістан» телеарнасымен БАҚ өкілдеріне сұхбат берді.
«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі