Падишаға жақын уәзір келіп:
-Мәртебелі тақсыр, осы аймақтан жуалдыздың тесігінен жүз инені бірден өткізетін өнерші шығыпты, – дейді. Мұны естіген падиша дереу оны жеткізуге әмір береді. Нөкерлер айтқан адамды падишаның құзырына алып келеді. Падиша оның өнерін тамашалағаннан кейін қазынадан жүз алтын беріңдер деп әмір береді. Алтынды бергеннен кейін падиша оған жүз дүре соқтырады. Түкке түсінбеген ол:
-Уа, мәртебелі тақсыр! Өнеріме тәнті болып жүз алтын бердіңіз. Бірақ жүз дүрені не үшін соқтырғаныңызды түсіне алмадым? – дейді.
Падиша оған былай жауап береді:
– Пайдасыз іспен айналысып, өміріңді босқа жұмсағаның үшін жүз дүре соқтырдым. Білім міндетті түрде пайдалы болу керек. Пайдасыз білімді үйрену үшін кеткен уақыт босқа кеткен болып есептеледі. Босқа уақыт өткізу күнә болады, – деп жауап беріпті.