Үстіміздегі жылдың 15-ші күні ҚМДБ-ның ОҚО Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы ОҚО мешіт жанынан құрылған Ақылдастар алқасының жерлеу рәсімдеріне қатысты, Оңтүстік халқына «Үндеуін» түсіндіру мақсатында, Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімшілігінің мәжіліс залында, жергілікті тұрғындармен семинар болып өтті. Оған облысымыздың өкіл имамы Бақтыбай қажы Қыдырбайұлы, Батырбек Қаратайұлы және ардагерлеріміз қатысты.
Семинар барысында Үндеу жан-жақты талқыланып, халыққа түсіндірілді. Тұрғындарымыз діни рәсімдерге байланысты сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды.