Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы Қарабұлақ ауылы » Ашбұлақ» мешітінде, аудан бойынша мешіт имам, молдалары, ауыл əкімі, ішкі саясат басшысы, мен ауыл тұрғындарының қатысуымен «УАҚЫП» корпоративтік қайырымдылық қорының жұмысы туралы жиын болды. Жиынға келген қонақтар: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Фахриддин Әбдінабиұлы Қаратаев, «УАҚЫП» Қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының Президенті Қайрат Орынбайұлы Айтбай, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ОҚО бойынша өкіл имамы Бақтыбай Қыдырбайұлы Бейсенбаев, «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының директоры Əлім Фазылжанұлы Шауметов, Оңтүстік Қазақстан облысы Дін істері басқармасының Діни бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлім басшысы Батырбек Қаратайұлы Жалмұрзаев,
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Фахриддин Әбдінабиұлы Қаратаев кіріспе сөз алып, келген қонақтарды таныстырды жəне жиын модераторы болды.
Бірінші сөзге шыққан Қайрат Орынбайұлы Айтбай; («УАҚЫП» Қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қорының Президенті): УАҚЫПтың шығу тарихы, УАҚЫП сөзінің мəн-мағынасы жəне қазіргі таңда қордың атқарылып жатқан жұмыстарымен мешіттегі біршама діни қызметкерлердің қордан қайырымдылық көмек алып жатқандығы туралы баяндады.
«Діни-радикалдық топтардың жақтаушыларын дерадикализациялаудың ерекшеліктері мен критерийлері» туралы «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының директоры Əлім Фазылжанұлы Шауметов баяндама жасады.
Батырбек Қаратайұлы Жалмұрзаев :аудандағы «Діни-радикалдық топтар, облыстағы діни ахуал жəне «Шымкент», «Сарағаш» медресе-колледжінде оқитын студенттерге Облыс əкімі тарапынан грант бөлінгендігі жөнінде сөз қозғады.
Сөз алған ОҚО бас имамы ең алдымен келген қонақтарға өз ризашылығын білдіріп, жағымды жаңалық ретінде бүгін облысымыздағы мешіттер сапына тағы бір мешіттің қосылғанын хабарлай келе, жыл соңына дейін бұл көрсеткіш тағы бірнеше мешітпен толығатынын хабарлады. Биыл «Өзбекстан мұсылмандары діни идарасы» мен «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» ортасындағы меморандумға қол қою барысында, көрші елдің, біздегі «УАҚЫП» Қазақстандық қорына қызығушылықтарының бар болғанын жəне бірнеше күн алдын оларда УАҚЫП қор құрғандығы жөнінде бізге хабар келді деп, жиынға қатысушыларды хабардар етті.
Сөз соңында Қарабұлақ ауылының ақсақалы, дін жанашыры жəне мешіт жанындағы «Ақылдастар алқасы» мүшесі Ахмадалиев Хусейн атамыз кездесуге келген қонақтарға рахмет алғыстарын айтып, елімізге тыныштық, бейбітшілік тілеп жиынды дұға жасап қорытындылады.
Сайрам ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі