Ордабасы ауданының «Жастар ісі» секторы, «Қайнар» және «Ұялыжар» мешітінің ұйымдастыруымен «Арақ-барлық жамандықтың кілті» деген тақырыпта іс шара өтті. Іс шараға Ауданның бас имамы Әшірбай Бастарбек, соттың төрағасы Мұсаев Құнанбай , мәслихаттың хатшысы Сәдуахасов Баймахан, «Ордабасы оттары» газетінің редакторы Зиябеков Ғалымжан ағаларымыз жəне Бөржар аумағының имамдары,ауыл билері, ауыл дүкеншілері мен ақсақалдары қатысты. Іс шараның басты мақсаты Дүкендерде ішімдік сатпауды насихаттау болды. Алла бұл жолда жеңілдігін берсін. Құнанбай ағамыз құқық бұзушылықтың және жол апаттарының басым көпшілі осы арақтан екенін тілге тиек етті. Баймахан ағамыз осы тақырып жөнінде өзінен және өзінің отбасынан бастау керек екенін жақсы түсіндіріп берді. Жусансай ауылының имамы Әлжан Талап бауырымыз өз ауылында арақ сататын дүкен жоқ екенін айтып, өзінің тәжірбиесімен бөлісті. Жиынды аудан имамы Б. Әшірбай арақ туралы насихаттарымен қортындылады. Жиылған жалпы жамағат , осы бастауды қолдайтынын білдірді. Жиынға қатысып өз пікірлерін білдірген ағаларымызға алғысымызды айтамыз.
Ордабасы ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі