IMG 694

IMG 694

Ордабасы ауданы, Жеңіс ауылы «Ынтымақ мешітіне 1981 жылғы мектеп бітірушілер, мектепті бітіргеніне 20 жыл толғанына мешіт алдына көрікті қылып құны 500 мың болатын арнайы көлеңке болып тұратын шатыр салдырып берді.
Ордабасы ауданы, Көкарал ауылы «Көкарал» мешітіне мектепті бітіргеніне 20 жыл толған түлектер, мешітке арнайы құны 220 мың тұратын, дауысы ұзаққа жететіп ауыл адамдарын намазға шақырып, азан айтатын апарат сатып алып беріп, мешіт имамын және жамағаттарын қуантты.
Ордабасы ауданы, Қажымұқан ауылының 1989 және 1993 жылғы мектеп бітірушілері келісіп «Ордабек ата» мешітіндегі барлық ескі терезелерді, құны 300 мың тұратын қазіргі заманауи пластик терезелерге ауыстырып берді.
Бір хадисте пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім Исламда бастама көтеріп, қандай да бір игі іске мұрындық болса, өзінен кейін сол істі істегендердің алған сауабындай сауапқа кенеледі. Одан кейін сол игі істі жалғастырғандардың сауабы еш кемімейді», – деген.
Алла Тағала баршамызды елдің игілігі жолында қызмет етіп, халықтың ықыласына бөленуді нәсіп еткей!

Ордабасы ауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі

IMG 694

IMG 695

IMG 696

IMG 697

IMG 698

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38