IMG 687

IMG 687

Бүгін Шымкент қаласы Абай аудандық «Нұр-Төбе» мешітіде Қасиетті рамазан айының қарсаңында, ауыл тұрғындарына дастархан жайылып, ас берілді. Жиылған қауымға бас имам Жәміш Бердалы, бас мүфтидің халыққа жолдаған рамазан айына байланысты үндеуін түсіндіріп, ауыл жұртын шарапаты мол рамазан айында, сауапты амалдарды жасауға шақырды. Сонымен қатар ОҚО өкілдігінде өткен ақылдастар алқасында қабылданған «Діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау» – жайлы үндеуіді жиылған жұртқа кеңінен түсіндірді. Осы іс-шараға арнайы, Абай аудан әкім орынбасары, Нұрлан Тілешұлы қатысып, халықты алдағы рамазан айымен құттықтады. Жиынға ауыл биі және ардагерлер төрағасы мен қазыналы қариялар да келіп, айтылған үндеулерге байланысты толықтай қолдайтындарын айттып, жйылған жұртқа баталарын берді. Жйын соңында барша келген жамағатқа, ораза кестесі таратылып, өткендерге құран оқылып дұға бағышталды.

«Нұр-төбе» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 687

IMG 687

IMG 687

IMG 687

IMG 687

IMG 687

IMG 687

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38