ОҚО орталық мешітінің мәжіліс залында ОҚО қала, аудандардағы Діни сауат ашу курстарына жауапты ұстаздардың жұмыстарын бір ізділікке келтіруге байланысты кезекті жиналысы болып өтті. Жиналысқа ОҚО өкіл имамы мен барлық аудандарға жауапты ұстаздар қатысты. Жиналысты ОҚО бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев ұстаздардың жұмысына табыс, сәттілік тілеумен бастады.
Бас имам ДСАК –тың қазіргі таңда маңыздылығын айтып өтті. «Қазақстан демократиялық зайырлы құқықтық мемлекет. Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері біз асыл дінімізді тереңірек танып білуге мүмкіндік алдық. Ұстаздар діни ағартушылар. Медресе мен мешіт шәкірттері, дін қызметкерлері қоғаммен тығыз байланыста болу керек» – деді Өкіл имам.
Сонымен қатар Бас имам ДСАК –ты сатылап, жүйемен жүргізуді айтты. Еліміздегі жоғары оқу орындары мен коледж-медреселердің жай-күйін де тілге тиек етті. Діни сауат ашу курсында жүргізілетін сабақтарда қосымша Абай, Ыбырай, Шәкәрім, Жүсіп Баласағұнның дінге қатысты жазылған кітаптарын енгізу керектігін айтты. Бас имамға жиналған ұстаздар тарапынан бірнеше сұрақтар қойылды. Сұрақтарға тұшымды жауап берілді.
ОҚО орталық мешіттің наиб имамы, Облыс бойынша Оқу-ағарту бөліміне жауапты Якияев Иса сөз алып ДСАК- тың қазіргі таңдағы жағдайын және алға қойған мақсаты туралы айтып өтті.
Жазғы ДСАК –қа дайындық жасау сөз болды. Ұстаздарға міндеттемелер жүктелді. Жазғы демелыс айларында мешіттерде лагерлер ұйымдастыру айтылды.
Ұстаздардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды. ДСАК-тың жаңа бағдарламасы қабылданды.
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі