2018 жылы 4 май күні ауданда дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету бағытында құрылған ақпараттық түсіндірме топ мүшелері Шардара қаласындағы, Қ. Аманжолов жалпы орта мектебінің жоғарғы сынып оқушылары және №15 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арасында «Дін-зайырлы мемлекеттің рухани тірегі», – тақырыбында кездесу өткізді. Кездесуде аудан имамы А. Данияров және аудандық ішкі саясат бөлімінің нұсқаушысы Д. Байбеков еліміздің Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» деп атай келе, дін мемлекетіміздің рухани тірегі дәстүрлі ислам дінінің негізгі міндеттеріне тоқталып, түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының басты бағыттарына шолу жасап, түсінік беріп өтті. Сондай-ақ, қоғамымызда орын алып жатқан әр алуан мәселелер, халқымыздың салт-дәстүрлері, әдет-ғұрыптарының жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңызына, тоқталып, қызметкерлермен оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.