4 Мамыр күні Төлеби ауданына қарасты 58 мешіт имам-молдаларын арнайы жинап, аудан бас имамы Анарбаев Самат қажы қасиетті Рамазан айына дайындықты бастап кетті. Санаулы күндерден кейін 2018 жылдың қасиетті айы Қазақ еліне, жалпы әлемге айқара есіген ашады. Рамазан айын дін қызметкерлері тиімді пайдалана отырып нәсихат жұмыстарын, қадір қасиетін түсіндіріп тұрғындарға жеткізу басты міндеттердің бірі. Төлеби ауданы бас имамы өз сөзінеде мешіт имам-молдаларына нақты тапсырмалардың орындалуын тапсырды. Атап айтқанда, Рамазан айы келгенін білдіретін баннерлердің ілінуі, тазалық жұмыстары қолға алынуы, бір ай бойы мешіт жарық шамдары жанып халыққа мешіт көрініп тұруы, ауыз ашрлар ұйымдастырылуы, 13 округте қабылданған Үндеуді нәсихаттау ниетімен арнайы ақылдастар алқасымен ауызашарлар берілуі, Ораза айт намазын бір мезетте орындау сонымен қатар бір уақытта жалпы жамағат дұға етуі, Қадір түнін ерекшелеп өткізілуі, мешіттерде Қатым Құран түсірілуі, Пітір садақасы мөлшері 300 теңге екендігі, мешіттерге қатысты құжаттар реттеліп, Діни сауат ашу курстары жылдағыдай жалғасатын болсын деп аудан имамдарына жеткізілді. Аудан көлемінде өткен бұл жиын Ораза айын берекелі өткізіуге себебі тиетіні рас.
Төлеби ауданы Нұр мешітінің баспасөз қызметі