Бүгін аудандық мәдениет үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкілдігі, облыстың бас мешіті жанындағы «Ақылдастар алқасы» мен облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының кеңейтілген мәжілісіне қатысушылардың «Ұлттық салт-дәстүрлер мен діни рәсімдердің сабақтастығын бірізділікке бағыттау мәселелері» бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы халқына арнаған Үндеуін талқылау жиналысы өтті. Жиналысқа арнайы облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Жалмұрзаев Батырбек Қаратайұлы, Облыстық маслихаттың депутаты және облыстық «Ақылдастар алқасының» мүшесі Досболов Әбілқасым Үсіпбайұлы ағамыз, ҚМДБ Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамының орынбасары Мұсабек Ақтамберді келіп қатысты. Сондай-ақ қала, кент, ауыл және ауылдық округ әкімдері, ардагерлер кеңесінің төрағалары, ауыл билері, аудандық маслихат депутаттары, Сарыағаш медресе колледж студенттері мен ұстаздары, ауыл имамдары қатысты. Жиынға қатысушыларға үндеу кітапшасы шығарылып 400 дана тарқатылды.
Сарыағаш сауданы орталық мешітінің баспасөз қызметі