Сарыағаш ауданы, Тегісшіл ауыл округі Таскескен елдімекеніндегі Мәдениет үйінде жиын болып өтті. Жиынның мақсаты ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігі – жанынан құрылған «Ақылдастар алқасы» мен облыстық ардагерлер кеңесі төралқасының 2018 жылғы 24 ақпанда кеңейтілген мәжілісіне қатысушылардың Оңтүстік Қазақстан облысы халқына арнаған Үндеуіне қолдау көрсету. Жиынға аудан имамы Б.Қалдаров, округ әкімдік қызметкерлері, ақсақалдар, ауыл төбе билері, тұрғындар, мектеп мұғалімдері қатысты. Әуелі Таскескен ауылы «Көкмойын» мешітінің имамы А.Жұмабеков жиналған халыққа Үндеуді оқып берді. Соң аудан имамы Б.Қалдаров Үндеуді кеңінен түсіндіріп, жаназада орын алып жатқан ысырапкершілікке жол бермеу керектігін тілге тиек етті. Соң кезегімен сөз алған ауыл ақсақалдары, төбе билер, ауыл тұрғындары Үндеуге қолдау білдіретіндіктерін айтты. Осындай жиындар әр ауылдарда өткізілу керектігіне ұсыныс айтылды. Жиын соңында ауылдың ең үлкен ақсақалы С.Қуанышбаев атамыз Үндеуді амалға асыру керектігіне , жаназа рәсімінде тамақ бермеуге, жыртыс таратпауға бата берді.
Сарыағаш аудандық мешітінің баспасөз қызметі