Кішкене ғана ауылда бір ұста өмір сүрген екен. Ол ағаштан ойып небір заттар жасайтын еді. Ол ағаш тақтайларға әдемілеп суреттер оятын да оны қымбат бағада сатып күн көретін.
Бір күні шеберханаға сол ауылда тұратын кедей қарт келеді. «Тынбай жасап жүрген ісіңнің табысы да жақсы, алайда табысың көп бола тұра кедей-кепшікке көмек бермейсің. Ана қасапшыға қарашы, жалақысы аз болса да күн сайын бір тілім ет болса да мұқтажға береді»,- дейді.
Ұста әлгі кісіге қарап үнсіз тұра береді. Аузынан сөз ала алмаған қарт ашуланып шығып кетеді.
Осы жағдайдан соң ауыл ішінде ұстаның бай әрі өте сараң адам екендігі жайлы сонымен қатар, сараңдығы ауруға шалдықтырғаны туралы сөз тарап кетеді. Барлық ауыл тұрғындары оған кектеніп алады. Күндердің күнінде ұста сырқаттанып қалады, алайда оның халін сұрап келген ешкім болмайды. Ешбір ауылдың адамы келіп көмек бермейді.
Осылайша, жалғыз қалған ұста қайтыс болады. Күндер сырғып өтіп жатады. Ауыл адамдары ұста өмірден озған соң қасапшының мұқтаждарға ет таратуын тоқтатқанын байқайды. Бір күні олар қасапшыдан әдеттегідей ет таратуын не себепті қойып кеткенін сұрайды.
Сонда ол: «Ұста көзінің тірісінде күн сайын маған ақша беріп, сол ақшаға өлшенген етті мұқтаджарға беріп тұруымды өтінетін. Ол өмірден озған соң бәрі тоқтады…»,- дейді.
Шынайы ықыласпен садақасын жария түрде беріп, өзгелердің ол жайлы не ойлайтыны толғандырмайтын адам ең әуелі, өзі үшін садақа жасайды. Бұл жайлы Құранда көптеген аятар келген:
«…Кімде-кім нәпсісінің сараңдығы мен ашкөздігінен сақтана алса, мәңгілік азаптан құтылып, мақсат-мұратына жеткен бақытты жандар, міне, солар» («Хашр» сүресі, 9-аят)
«Дүние-мүлкін күн демей, түн демей жасырын һәм жария түрде игі жолда жұмсайтындардың Раббыларының дәргейінде алатын ерекше сауабы бар. Олар үшін ешбір қорқыныш жоқ һәм олар онда әсте мұңаймайды» («Бақара» сүресі, 274-аят)
Сонымен қатар, көбінесе адам неғұрлым шын ықыласпен садақа берген кезде соғұрлым жасырын болғанын қалай түседі. Дей тұрғанмен, Алла разылығы үшін жасалған кез келген амалдың Жаратушы алдында сауабы тең болады. Алайда, зекет болмаса, садақаны жасырын берген абзалырақ. Зекетті болса, ашық, жасырмай беруге кеңес берген. Себебі зекет парыз болған жандарға сабақ болуы мүмкін. Басқа кезде екіжүзділік, рия болмасы үшін және де садақа алушыны ыңғайсыз жағдайға қалдырмау үшін жасырын берген абзал.
Хақ Тағала Құранда:
«Қайыр-садақаны жария түрде бергендерің қандай жақсы! Ал егер ешкімге көрсетпей, жоқ-жітіктерге жасырын түрде берсеңдер, әрине, бұл өздерің үшін әлдеқайда қайырлы болмақ. Алла сол арқылы біраз күнә-қателіктеріңді кешеді. Алла не істеп, не қойып жүргендеріңнен толық хабардар» («Бақара» сүресі, 271- аят)
Бүгінгі таңда адамзат БАҚ-қа тәуелді дегенмен, БАҚ құралдарының алдын әлеуметтік желілер орап кеткен. Ол жерде мейірім екінші орынға түсіп, өзімшілдік басым болып тұрады. Мұндай кезде адами қасиеттерді ояту мақсатында жомарттық пен жанашырлық жайлы көбірек сөз ету қажет.
Жиған-терген біліміміз бен тәжірбиемізге сүйеніп айналамыздағы жағдайларды сөз қыламыз. Ол кір терезеден көршінің жайған киімдеріне қарайтын оқиғаға ұқсайды. Алайда өзіміздің тереземізді жууды ұмыт қалдырамыз.
Кесіп-пішіп шешім қабылдауға не болмаса дереу жаман ой ойлауға бейім болмау керек. Көбінесе қарапайым нәрсе қиын, кір киім – таза, таза киім кір болып көрінуі мүмкін.
«…Алла жүректеріңдегінің бәрін біледі. Алла – Алим (бәрін білуші), Халим (құлдары қанша жерден күнәға батса да өте сабырлы, сондай жұмсақ) («Ахзаб» сүресі, 51-аят)