IMG 340

IMG 340

Шардара қаласы Шардара мектеп-лицейдің жоғарғы сынып оқушыларымен «Білімді болудың артықшылығы», – тақырыбында мектеп – лицейдің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б. Алшериева, ҚМДБ – ның ОҚО бойынша найб имамы, ЖАНТ мүшесі Д. Желеуов, «Шардара» орталық мешітінің бас имамы А. Данияров қатысты. Кездесу барысында ОҚО бойынша найб имам Желеуов Дастан Ислам – білім алуды парыз деп санайтын дін. Дініміздің осы тұсы исламның хақ екенін дәлелдей түссе керек. Өйткені, дүниеде білім мен ғылымды парыз санайтын исламнан басқа дін жоқ. Демек, білімді тек Ислам діні ғана қажет санап, барша мұсылмандарды ілім алуға үндейді. Пағамбарымыз (с.а.у) хадисінде: «Білім алу – әрбір мұсылман ер мен әйелге парыз», – делінсе, тағы бір хадисінде: «Тал бесіктен жер бесікке дейін білім үйрен», – деп насихат айтылған. Кездесу соңында мектеп бітіруші түлектерге Нұр – Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті және арнаулы орта білім беретін «Шымкент» медресе колледжі, «Сарыағаш» медресе колледж оқу орындары кеңінен таныстырылды

Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

IMG 340

IMG 341

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38