Шардара қаласы «Әбу Мансур әл – Матуриди» мешітінің найб имамы, жастар ісі секторының өкілі Б. Дүйсеновтың ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен және мүмкіндігі шектеулі 32 отбасыларға азық – түлік үлестірілді, жалпы құны 200 000 теңгені қамтыды
Азық – түлік құрамында: Ұн-25кг, күріш-5кг, сұйық май-3л, макарон-3кг, 1-дана шай қамтылды.
Қайырымдылық мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің анық көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екендігінен байқалады.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.