Шардара ауданы Достық ауылы «Достық» жалпы орта мектебінде «Бала тәрбиесі ата-ананың бірінші міндеті», – атты тақырыпта ата – аналармен кездесуге аудандық білім бөлімінің нұсқаушысы Г. Шамиева, Шардара аудандық ЮПТ – ның басшысы М. Дүйсенов, ауыл молдасы Е. Кулет, Достық жалпы орта мектебіің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары К. Ахметова, мектептің ювенальдық инспекторы А. Тәжімұратов қатысты. Ауыл молдасы сөз кезегінде балаға айналасындағы өмір шындығы ауадай қажет. Ең алдымен өз ұлтымыздың әдебиеті мен мәдениеті, салт-дәстүрімен, тілімен, тарихымен, өнерімен тереңірек таныс болуы тиіс.Осындай талап тұрғысында әке мен шеше және баланың басқа да ересектерінің өзара жақсы қарым-қатынас, көңіл-күй ерекшеліктері, жүріс-тұрысы, еңбек сүйгіштігі, ізденістері бәрі балаға өнеге болып табылады.
Шардара ауданы «Шардара» орталық мешітінің баспасөз қызметі.