2016 жылғы 30 наурыз күні Шардара ауданы әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі аудандық Кеңестің мәжілісі болып өтті. Кеңеске қала, ауыл әкімдері мен жауапты қызметкерлері, аудан имамы, БАҚ өкілдері қатысты. Кеңесте дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша аудандық білім бөлімі, аудандық спорт және денешынықтыру бөлімі, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, аудандық ішкі саясат бөлімдері, сонымен қатар Шардара қала әкімі, Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Жаушықұм ауыл әкімдері есеп берді.
Кеңесте дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу жолдары мен бүгінгі таңдағы ауданда жүргізіліп жатқан жұмыстар жайы талқыланып, аудан көлеміндегі ақпараттық-түсіндіру топтарының жұмысын жандандыру, жастарды спорттық үйірмелерге тарту керектігі атап өтіліп, бөлім басшылары мен қала, ауыл әкімдеріне тиісті тапсырмалар берілді.
Шардара аудандық ішкі саясат бөлімі.