ОҚО Шымкент қаласы, Абай ауданы «Айтбай ата» мешітінің ұйымдастыруыменен, «қайырымды болсаң – қайырын көресің» атты қайырымдылық іс-шара өтті. Іс-шара барысында 45 жағдайы төмен отбасыға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Атап айтқанда 50кг ұн, 5 литірлік пісте майы, макарон және қосымша ұсақ-түйек азықтар берілді. Осынау қадірлі де сауапты амалға мемлекетіміздің атаулы мерекелері мен діни мерекелерде мұрындық болған Саухан Жүсіпбеков мырзаға Алла разы болсын. Көмек алған жандар өз ризалықтарын білдіріп оның ісі мен отбасына Алладан берке тілеп дұға жасап тарқасты.
ОҚО орталық мешітінің баспасөз қызметі