Арыс қаласы Қөкжиде ауылы «Паржан» мешітінің ұйымдастыруымен «Наурыз мерекесі құтты болсын» атты шара өтті.
Осынау мереке дәстүрімізді жаңғыртып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеудың тамаша мүмкіндігі.Осы күні жақсы тілектер айтылып, адамдар бір-бірін кешіріп, қайырымдылық жасау сияқты адами қасиеттер көрініс тауып, кейінгі ұрпақ жақсы өнегеден үлгі алады.
Наурыз мерекесінің тәлім-тәрбиелік мәні айрықша. Кешірім жасау, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болу секілді дәстүрімізде бұрыннан қележатқан асыл құндылықтар Ислам дінінің қағидаларымен қабысып, үндесіп жатыр. Мұның бәрі әр адамды әдептілікке, бауырмалдыққа, ізгілік пен мейірімділікке тәрбиелейді.
Мешіт ауласында ұйымдастырылған наурыз мереркесі спорттық сайыстар жалғасын тауып, шара соңында жиналған ауыл тұрғынларана ас беріліп, қариялар батасын беріп, дұға жасалды.
Арыс қаласы орталық «Ысқақ» мешітінің баспасөз қызметі