22-наурыз күнмен түннің теңелген күні, көктің дүркіреп шығатын, көктемнің шуақты күні Түркістан қаласында Есімхан алаңында «әз-Наурыз» мерекесін кеңінен аталып өтті. Шара барысында қала әкімі халықты арнайы құттықтаса, Түркістан қаласының бас имамы Омар қажы Елеуұлы ағамызда барша халыққа арнайы құттықтау сөзін арнап, «Тұран-Түркістан» телеарнасына сұхбат берді. Өз сөзінде бас имам ҚМДБ төрағасы, бас мүфти хазіреттің арнайы ыстық сәлемін жеткізді және де «әз-Наурыз» мейрамының шығуы тарихын айта отырып, елдің біріктіретін ұлттық мейрамымыз екендігін айта өтті.
Барша жиналған қауымды қалаға келген қонақтарға бас имам Омар қажы Елеуұлы құттықтап, еліміздің амандығы, тұрақтылығы, дамуы үшін бірлік керектігі жөнінде уағыз насихат айтты.
«Түркістан-Ахмет Яссауи» мешітінің баспасөз қызметі