ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы хазрет өз сөзінде: «Шуақты көктемнің келгенін білдіретін наурыз – халқымыз үшін мерекелі һәм берекелі ай. Қыстан шығып, көңілі көлдей шалқыған көшпелі жұрттың тұрмысында ерекше орын алған ұлттық мейрамымыз осы айдың еншісінде» – дейді. Расыменде, аяз бен суықтан аманшылықпен шығып, арқаны кеңге жаятын, жер беті көгалданып, ағаш-бауларды бұтап, ағайын-туыс арасында татулық пен бірлікті арттыратын мереке. Бір-бірін қонаққа шақырып, наурыз көжемен сыйлайтын берекелі мейрамда өзге дей игіліктер атқарылады. Мақтарал ауданында Наурыз мерекесіне орай біршама шаралар өтті. Атап айтқанда, мерекеге орай киіз үй тігіліп, келуші қонақтарға ас берілді. Рухани-мәдени шаралар атқарылды. Сонымен қатар, мешіт жамағаттары арасында қазақша күрестен жарыс өтіп, сыйлықтар таратылды. Және де осынау берекелі күні Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінде кәріс ұлтының азаматы Хан Александр Константинович есімді бауырымыз Ислам дінін қабылдап, мұсылман болды. Оған «Абдурахман» деп есім қойылып, некесі қиылды. Алла тағала баршаларымыздың дұға- тілектерімізді қабыл алып, халқымызды тыныштық пен бейбітшіліктен айырмасын!
Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі