Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, ҚМДБ Сараптама бөлімінің Шымкент қаласы бойынша жауапты маманы Мұхамеджан Естеміров бастаған топ мүшелері қала аумағына қарасты мешіттердің кітапхана қорына мониторинг жұмыстарын жүргізді.
Тексеру барысында кітапхана қорындағы діни және рухани-танымдық әдебиеттердің мазмұны, авторлары, басылым деректері, сондай-ақ дінтану сараптамасынан өтуі мен сараптама қорытындылары зерделенді. Сонымен қатар, әдебиеттердің дәстүрлі ислам құндылықтарына сәйкестігіне назар аударылды. Мониторинг қорытындысы бойынша кітапхана қорындағы діни әдебиеттерді зерделеу нәтижелері талқыланып, оларды есепке алу және пайдалану тәртібіне қатысты әдістемелік ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, кітапхана қорын қазақ халқының дәстүрлі рухани мұрасын қамтитын әдебиеттер мен толықтыру мәселелері талқыланды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі










