Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, Шымкент қаласы Абай ауданы «Әл-Кәусар» мешітінде жат ағымдардың алдын алу жөнінде семинар өтті.
Семинарға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров бастаған имамдар мен ЖАНТ мүшесі қатысты.
Семинар барысында аудандық ЖАНТ жетекшісі Нұрсұлтан Орынбаев жат ағымдардың алдын алу жөнінде тәжірибесімен бөлісіп, атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды. Мұнымен қатар, қатысушылардың сұрақтарына мазмұнды жауаптар берді. Шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы жат ағымдардың алдын алу жөнінде жұмыстарды әрі қарай дамыту қажет екендігін атап өтіп, бірнеше тапсырма берді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







