Бүгін Шымкент қалалық Әжелер мектебінің мүшелері Шымкент қаласы Абай аудандық «Кенесары хан» мешітінде «Munara tv» телеарнасының жаңа кеңсесінің жұмысымен танысты.
Арнайы келген ақжаулықты аналарға Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров атқарып жатқан оңды өзгерістері мен алдағы жұмыс жоспарымен таныстырды. Кездесу барысында Әжелер мектебінің жетекшісі Қалдыкүл Жұмабекқызы бастаған ардақты аналар, оңды жұмыстарға ризашылық білдіріліп, ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
Айта кетейік, бұл жұмыстар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында жүзезе асып жатыр.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі




