Шымкент қаласы Тұран ауданына қарасты «Айқап» мешітінде ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің 2026 жылға арналған бағдарлық баяндамасында белгіленген міндеттер аясында жамағатқа түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға Шымкент қаласы «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Балжан Асылханқызы қатысып, жамағатқа тағылымды насихат айтты.
Кездесу барысында «Той – тәрбие мен тағылымның ордасы» және «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыптары кеңінен қозғалды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұстанымдары негізінде той өткізу мәдениетін қалыптастыру, ұлттық және діни әдеп нормаларын сақтау, сондай-ақ құдайы ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелері түсіндірілді.
Жиын барысында той мен құдайы ас өткізудің негізгі мақсаты – сауапты іс жасау, ел бірлігін нығайту, ұрпаққа өнегелі тәрбие беру екені атап өтілді. Сонымен қатар қарапайымдылық пен шынайылықты ұстанып, шариғат талаптарына сай қажеттігі айтылды.






