Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты «Туражол» мешітінде имам Сатыбалды Асқарғалидың қолдауымен әйелдер жамағатының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңке барысында жамағат назарына күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік өнімдері ұсынылып, сауда-саттық жүргізілді. Жұма намазына келген жамағат қайырымдылық шарасына белсенді қатысып, өздерінің жомарттықтары мен жанашырлықтарын танытты.
Жәрмеңкеден түскен қаражат мешітте діни білім алып жатқан әйелдер жамағатының қажеттіліктеріне жұмсалатын болады.
Игі бастамаға қолдау білдіріп, сауапты іске үлес қосқан барша жамағатқа Алла разы болсын! Қайырлы істеріңіз қабыл болғай!






