Шымкент қаласы, Қаратау ауданы «Аңламас ата» мешітінде Дін мен дәстүр бағыты бойынша «Құдайы ас ысыраптың емес, сауаптың жолы», «Ой өзгермей той өзгермейді» атты көшпелі семинар өтті.

Семинарға Ауданға қарасты имамдар, Сала жетекшілері мен мешіт ақсақалдары қатысты.

Семинарда сөз бастаған аудан имамы Ербол қажы Тастанбекұлы, Шымкент қаласының бас имамы Бақдаулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып өтті.

Атап айтқанда, Мешіттердегі жылу жүйелерін, Кітап сөрелерін қадағалауды, Газет журнал межесін орындауды, Ас беру мәдениетін дәріптеуді айтып өтті. Мүфтият бекіткен Ас мәзірін айтып, дастарханның қарапайым болуы, ондағы басты мақсат, Құран оқылып, дұға жасалуына мән беруді назарға алуды ұсынды.

Мешіт жамағатынан Тұрлыбек ақсақал ас беру мәдениетін қалыптастыру жолындағы дін қызметкерлерінің еңбегін жоғары бағалап, атап өтті.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38