Әл-Мүслим мешітінде Қарттар күніне орай іс-шара өтті
Әл-Мүслим мешітінде Қарттар күніне орай ақ жаулықты әжелеріміздің қатысуымен тағылымды іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтылып, үлкенді құрметтеу, ата-әжелерге қамқорлық көрсету және ізгі амалдардың маңызы жөнінде рухани әңгіме өрбіді. Ақ дастарқан жайылып, ақ баталар берілді.
Алла Тағала барша қарияларымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, шаңырақтарына береке мен тыныштық нәсіп етсін!
Қарияларымыз аман, баталары қабыл болсын!
