Шымкент қаласындағы «Сейіткәрім қажы» мешітінің имамы Сейтахмет Темірбектің бастамасымен қыздар арасында Құран жарысы болып өтті.
Мешіт жанындағы діни сауат ашу курсында оқып жатқан 40 шәкірт қатысып, бақтарын сынады. Нәтижесінде 30-шы пара бойынша бірінші орынды Қасимбекова Муслима, екінші орынды Анарбаева Мариям, ал үшінші орынды Мухиддинова Махлия иеленді.
Сондай-ақ, 10 сүре жаттағандар арасында бірінші орынды Бахритдин Ясмина, екінші орынды Сейтжан Асылай, үшінші орынды Сейітжан Бейжан жүлдесіне ие болды.
Барлық қатысушыларға бағалы кәде-сыйлық берілді. Шараның өтуіне демеушілік жасаған азаматтарға Алла разы болсын!
ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі