Шымкентте 18 қазан Рухани келісім күніне орай дін қызметкерлері арасында ұлттық спорттық ойындардан турнир ұйымдастырылды. Жарысқа қала бойынша 5 ауданның имамдары қатысып, асық ату, ләңгі тебу, арқан тарту сияқты ұлттық ойындардан өзара бақ сынады. Сонымен қатар аудандар арасында футбол ойынынан да турнир өткізілді. Жарыстың мақсаты — ұлттық төл ойындарымыздың насихатына үлес қосу. Салауатты өмір салтын үгіттеу.
Спорттық шараға қала бас имамы Бақдәулет Абдрахманов, орталық мешіттің наиб имамы Ахметжан Керімбек, аудан бас имамдары мен мешіт имамдары қатысты. Жарыс алдында сөз сөйлеген қала бас имамы ұлттық спорттың пайдасы мен оны дәріптеудің маңыздылығына тоқталды. Барша жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жарысты ашып берді.

Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегер атанған имамдарға арнайы медальдар мен алғыс хаттар табысталды. Командалық есепте үздік атанған ұжымдарға кубок жүлделері берілді. Айта кетейік, спорттық шараны Тұран ауданының имамдары ұйымдастырды.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38