
Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы аясында, ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров Шымкент қаласы орталық мешітінде «Жат ағым жарға шығады» тақырыбы аясында жұма уағызығын жүргізді.
Жұма уағызы барысында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізді.
Жұма соңында жамағатпен Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы қайғылы жағдайға байланысты Отан алдындағы азаматтық міндетін атқарып жүрген, марқұм болған әскери қызметкерлердің рухтарына Құран аяттары бағышталып, елдің тыныштығы мен амандығына дұға жасалды.
Шымкент қаласына арнайы келген Батыржан ұстазға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы алғыс айтып, ризалық білдірді.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







