Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған Республикалық Таза Қазақстан акциясы аясында, Шымкент қаласы, Абай аудандық Кенесары хан мешітінің ұйытқы болуымен дәстүрлі «Таза Қазақстан» акциясы өтті.
Игі шараға шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы, Абай ауданының бас имамы Мұхамеджан Естеміров бастаған имамдары мен жамағаттың қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастылды. Игі шараға қолдау көрсеткен азаматтарға алғыс айтып, ризалық білдіреміз.
Игі шара барысында тазалық сақтау һәм мәдениеттілік, тәлім-тәрбие, қоршаған ортаны ластамау тұрғысынан түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жалпы, тазалық шарасына Абай ауданы бойынша 30 мешіт имамдары мен еріктілер қатысты.
Айта кетейік, игі шара барысында жергілікті Отырар тв және Оңтүстік телеарнасына және Шымкент келбеті газет тілшілерілеріне сұхбат берілді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38