Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы бойынша Шымкент қаласындағы “Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде қалалық “Зекет және қайырымдылық” қорының ұйытқы болуымен, Әжелер мектебінің атсалысуымен және “Ар-Рақиб” мешітінің имамы Ержігіт Мамытұлының ұйымдастыруымен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық концерттік шарасы өтті. Игі шара қала бас имамы Бақдәулет Абдрахмановтың ыстық сәлемін жеткізумен басталды.

Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау мақсатында ұйымдастырылған игі шарада мәуліт дастарханы жайылып, арнайы концерттік бағдарлама қойылды. Бірқатар өнерпаздар мен әншілер өнер көрсетіп, көңілді ән шырқап, балалар асыр салып билеп, қуанышқа бөленді.

Шара барысында Зекет қорының өкілі Айбек Азимбаев, “Ар-Рақиб” мешітінің имамы Ержігіт Мамытұлы және Әжелер тобының жетекшісі Қалдыкүл Бекжанова балаларға жылы тілек-лебіздерін айтып, Мәуліт мерекесімен құттықтады. Мерекеге орай балаларға балмұздақтар таратылып, берекелі Мәуліт айының сыйы осылайша көрініс тапты.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38