Бүгін Шымкент медресе колледжінің ұстаздары мен студенттерінен құрылған топ Шымкент қалалық Қан орталығында Өмірге үміт сыйла атты қан тапсыру қайырымдылық шарасына қатысты.
Игі шараға белсене қатысқан ұстаздар мен студенттерге Шымкент медресе колледжінің директоры Талғат Әсембай алғыс айтып, ризалық білдірді.
Айта кетсек, аталған шараға жалпы саны 20 адам қатысып қан тапсырды. Мұндай қайырымдылыққа бағытталған шара тұрақты түрде өткізіліп тұрады.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі






