Бүгін «Ислам және адал қоғам» жылы аясында Шымкент қаласы бас имамы Бағдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасымен Еңбекші ауданы бойынша « Дәстүр және отбасы» бағытының жетекшісі Досымбаев Ержігіт имамның ұйытқы болуымен Шымкент қаласы бойынша «Дәстүр және отбасы» бағытының жетекшілерімен «Жастар ісі секторы» жетекшілеріне арналған айлық басқосу жиыны өтті.
Жиынға Шымкент қаласының бас имамының орынбасары, Шымкент қаласы бойынша «Дастүр және отбасы» бағытының жетекшісі Ахметжан қажы Пірәліұлы, Шымкент қаласының бас имамының орынбасары Мұхамеджан қажы Естеміров, Еңбекші ауданының бас имамы Орын Ербосын, Шымкент қаласы бойынша «Жастар ісі секторы» бағытының жетекшісі Әзімбек Қарабеков арнайы қатысып, сәуір айында атқарылтын іс-шаралар талқыланып, әр ауданның жүзеге асыруы керек тапсырмалар пысықталды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі







