Құрметті жамағат!

Күллі түркі жұртының төл мейрамы, жыл басымыз – әз-Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Осындай ұлық мерекеде жамағатқа бақ пен береке, мықты денсаулық пен татулық, имандылық тілеймін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
Мерекеде айтылған бата-тілек, әрбір жақсы сөзіміз бен дұғамыз қабыл болғай. Алла Тағала халқымызға амандық, жұртымызға тыныштық нәсіп етіп, әр шаңырақтың берекесі мен ырзық-несібесін арттырғай. Әумин!

Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Абдрахманов

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38