Шымкент қаласы, Қаратау ауданындағы Сайрам мешітінде Құранды аяқтаған шәкірттерге арналған салтанатты шара өтті.
Іс-шара барысында Құранға түскен 30 шәкіртке арнайы тәж кигізіліп, марапаттар табысталды. Бұл — шәкірттердің Құран үйренудегі еңбегін бағалап, олардың білімге деген ынтасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған рухани шара болды.
Шара барысында мешіт ұстаздары шәкірттерді құттықтап, Құран ілімі адам өміріндегі ең үлкен нығметтердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ шәкірттердің ата-аналарына алғыс айтылып, барша жамағатқа дұға жасалды.
Жиын соңында жамағат ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп, Құран үйреніп жатқан шәкірттердің іліміне береке тіледі.

