Шымкент қаласы, Абай ауданындағы Кеңесары хан мешітінде әйел жамағатының ұйымдастыруымен «Жақсылықта жарысайық» атты қайырымдылық шарасы өтті.
Аталған игі шара барысында әлеуметтік жағдайы төмен және көмекке мұқтаж 10 отбасыға азық-түлік себеттері таратылып, жамағат тарапынан қолдау көрсетілді. Бұл игі бастама жамағаттың бір-біріне жанашырлық танытып, қоғамда мейірім мен қамқорлықты арттыруға бағытталды.
Шара барысында мешіт қызметкерлері мен жамағат өкілдері жақсылық жасаудың маңызы туралы айтып, мұндай сауапты істердің қоғамдағы бірлік пен бауырмалдықты нығайтатынын атап өтті.
Қайырымдылық шарасы соңында жиналған жамағат ел амандығы мен жұрт тыныштығын тілеп, дұға жасады.










