“Сейітжан қари” мешітінде қасиетті Рамазан айы аясында қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды. Аталған іс-шара барысында 100 отбасыға “Рамазан себеті” атты азық-түлік көмегі таратылды.
Қайырымдылық көмегі әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы және мұқтаж отбасыларға үлестірілді. Шара барысында мешіт имамдары жиналған жамағатты Рамазан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.
Көмек алған отбасылар өз алғыстарын жеткізіп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді. Бұл игі бастама қоғамда қайырымдылық пен мейірімділікті насихаттауға бағытталған маңызды шаралардың бірі болды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі











