Он бір айдың сұлтаны — Рамазан, бізге берілген Алланың сыйы. Рамазаннан мұсылмандар рухани тәрбие мектебінен өтіп, құлшылығы артып, жан дүниесі жадырап, қалған айларға қуат алып шығатын ай. Әне-міне дегенше, айдың ақырына келіп таядық.
Ғалым Абдусаттар Сманов мешітінде «Рамазан рухани тазару айы» рухани кеш ұйымдастырылды. Рамазан мейірім, мұқтаж жандармен бөлісу, кешірім, құлшылықтың нағыз әсерін сезінетін ай екендігі жайлы қойылымдар арқылы көрсетіліп, ораза тақырыбында әр түрлі сұрақ-жауаптар қойылып, сыйлықтар үлестірілді. Келген қонақтарға ауызашарлық таратылды





