Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында «Өмірлік қиын жағдайда жүрген балаларды қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды.

Кездесу барысында Бас мүфти мекемеде тәрбиеленіп жатқан балалармен жүздесіп, олардың жағдайымен танысты. Қазіргі таңда орталықта 122 бала тәрбиеленіп жатыр. Бас мүфти балаларға мейірім мен қамқорлық көрсетудің қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтіп, қасиетті Рамазан айының тағылымы – қайырымдылық пен жанашырлық екенін жеткізді.

Іс-шара барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Зекет және қайырымдылық» қоры тарапынан балаларға арнайы дайындалған «Рамазан тәттісі» таратылып, орталыққа 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай көмек табысталды.

Кездесу соңында Бас мүфти балаларға ізгі тілегін білдіріп, олардың жарқын болашағы үшін дұға жасап, білім алып, елге пайдалы азамат болып өсуіне тілектестік білдірді.














By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38