Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Шымкент қаласына жасаған жұмыс сапары аясында ерекше балаларға арналған «Болашақ» ақпараттық-оңалту орталығына барды.
Сапар барысында Бас мүфти орталықтың жұмысымен танысып, мұнда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға көрсетілетін оңалту және дамыту қызметтері туралы ақпарат алды. Орталықта ерекше балалардың қоғамға бейімделуі мен жан-жақты дамуына бағытталған түрлі бағдарламалар жүзеге асырылатыны атап өтілді.
Іс-шара аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында орталық бөлмелерін жабдықтауға 2 000 000 теңге көлемінде қаржылай қолдау көрсетілді.
Аталған қаражатқа орталықтың бірқатар бөлмелері қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілді. Айта кетейік, бұл – «Зекет және қайырымдылық» қорының «Өмірге үміт сыйла» жобасы аясында жабдықтаған сегізінші оңалту орталығы.
Кездесу соңында Бас мүфти орталық ұжымына алғыс айтып, ерекше балаларға көрсетілетін қызметтің маңыздылығын атап өтті.







