Шымкент қаласы Еңбекші ауданы Тәжібай ата мешіті әйелдер-қыздар секторы қалалық деңгейдегі рухани ауызашар кешін өткізді. 
Кешке 100-ден аса әйел-аналарымыз қатысты. Шымкент қаласы әйел-қыздар секторының жетекшісі Балжан Досжанова Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы тағылымды насихат айтты. Сондай-ақ Еңбекші ауданы ұстазы Гүлжан Сыдықова уағыз жасаса, кеш соңында ең басты сыйлық — Умра жолдамасының иегері анықталып, ерекше әсер берді. 
 
Бағдарлама барысында Рамазанның құндылығы кеңінен насихатталып, сұрақ-жауап ойындары, әсерлі қойылымдар, ән-күй ұйымдастырылды.
 
Ауызашардың бас демеушілері — Шымкент қаласының аспаз блогері Жанар Маханбетова бастаған кәсіпкер ханымдар мен шара ұйымдастырушы “Фурқан” оқырмандар клубына алғыс білдіреміз. Атсалысқан әрбір жанға Алланың мейірімін тілейміз.

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38