Бүгін ҚМДБ Шымкент қаласы бас имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының тапсырмасына орай, Жастар ісі секторы жетекшісі Әзімбек Қарабековтың ұйымдастырумен жастарға ауызашар дастарханы ұйымдастырылды.
Шараға қаламыздағы орта және жоғары оқу орындарының студенттері, спортшы жастар, кәсіппен айналысып жүрген жастар және де Үндістан елінен келіп, қаламызда тәлім алып жатқан жастар да шарамыздың қадірлі қонағы болды. Жалпы саны 100 ге жуық жастар қатысты.
Шара барысында Жастар ісі жетекшісі Әзімбек ұстаз “Берекелі Рамазан” тақырыбында уағыз насихат жүргізді.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38