Шымкент қаласы Әл — Фараби ауданына қарасты Дәуітұлы Шыңғысбай Қажы мешітінде<<Рамазан береке мен сауап айы>> тақырып аясында сайыс түрінде іс шара өтілді.Іс шарамыз әуелі Алланың кәләмі қасиетті Құран кәріммен ашылды.Мешітіміздің бас имамы Мамырхан Батуханұлының ізгі тілегімен іс шарамыз басталды.Әйел  қыздар ұстазы Айнақұлова Әсем ұстаздың және шәкірттердің ұйымдастыруымен іс шарамыз бірнеше бағдарламадын тұрды.Іс шарада көріністер,оразаның пайдасы,оразаға қатысты жыр шумақтар,көрерменмен сұрақ-жауап,иләхи ән шашу,және шәкірттер екі топқа бөлініп топтық сайыстар қамтылды.
Келген жамағат дән риза болып Рамазанға керемет көңіл күймен сағынышпен дайындықты бастап кетті.
Іс шара соңы ақ дастарханмен ұласып өз мәресіне жетті.
Барша ат салысқан,ұйымдастырған жамағатқа Алла разы болғай!
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38