Шымкент қаласы «Тура Жол» мешітінің әйел-қыздар жамағатына «Жастар және жасанды интеллект» атты семинар болып өтті.
Аталмыш семинарды «Тура Жол» мешітінің наиб имамы, Шымкент қалалық  Жастар Ісі жетекшісі Ержан ұстаз Нарботаев жүргізіп, заманауи технологияларды дұрыс қолдана білу, жасанды интеллекттің пайдалары мен қауіптері жайлы, және оны адамзат игілігіне пайдалану мәселелері жөнінде тағылымды ойлар айтылды.
Насихат барысында діни құндылықтар және заманауи ғылымның дұрыс үйлесіміне ерекше назар аударылды.
ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38