Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрғасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Бағдарлық баяндамасы және жуырда ашылған дәстүр және отбасы бағыты аясында Шымкент қаласы, Абай аудандық Кенесары хан мешітінде «Салт-дәстүр» орталығы ашылды.
Игі шараға елге танымал тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері Шалатай Мырзахметов, ҚМДБ ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекайдар Әміре, мәдениет қайраткер Бақтияр Спанов, найб имам Мұсабек Ақтамберді, дәстүр және отбасы бағытының жетекшісі Ахметжан Керімбек, Дәуренбек Тасқараев және қалалық Әжелер мектебінің мүшелері, Шариғат және пәтуа бөлімі, Жастар ісі секторы және бірқатар азаматтар қатысты.
«Аталмыш орталықтың негізгі мақсаты – ҚМДБ Дәстүр және отбасы бағытын басшылыққа ала отырып, дін мен салт-дәстүр, әдет-ғұрып құндылықтарын насихаттау және осы бағытта тәлім-тәрбие беру, арнайы кітаптар әзірленуде. Орталық арнайы киіз үй жабдықтарымен жабдықталған. Сондай-ақ, мұнда сәбиге ат қою, тұсау кесер, шаңырақ көтерген жастардың неке қию рәсімі өтеді. Және видео түсірілім алаңы ретінде де пайдалануға болады.» — деді дінтанушы Мұхамеджан Естеміров.
Осы орайда, шаһар бас имамы Бақдәулет Нұрматұлы жаңадан ашылған салт дәстүр орталығының жұмысына оң баға беріп, әрі қарай жұмыстарына сәттілік тіледі.

ҚМДБ Шымкент қаласы бойынша баспасөз қызметі

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38