Шымкент қаласы, Сейітжан қари мешітінде
«Рамазанға сағынышпен қадам» атты рухани дайындық басталды.
Он бір айдың сұлтаны — берекелі Рамазан айын
шәкірттер ерекше сағынышпен, асыға күтуде.
Рухани дайындықты жүректен бастап,
сағынышты мешіт бұрышын безендірумен өрнектеді.
Бұл — Рамазанға деген құрмет пен ықыластың белгісі.
Раббым баршамызға Рамазан айына
таза ниетпен, сергек рухпен кіріп,
оны пәк күйде, берекелі ғибадатпен өткізуді нәсіп етсін.







