IMG 641

IMG 641

19-шы ақпан күні Мақтарал ауданы, Қазыбек би ауылдық округі, Қазыбек би ауылы мәдениет сарайында «1-ші Наурыз – алғыс айту күні» атты тақырыпта іс- шара басталды. Алғашқы күні «Тарихқа тағзым» айдарымен көрме ауыл тұрғындарына есігін ашты. Іс-шараны ауыл әкімшілігінің бас маманы А. Бердешов ашып берді. Мәдениет үйінің басшысы О. Шойғораев «Тарихқа тағзым» тақырыбында баяндамасын оқып, сөз кезегін «Нағанай ата» мешітінің имамы Бименов Мұсабекке берді. Имам Мұсабек Олжабайұлы «Шариғаттағы алғыс айту» тақырыбы аясында насихат жасады. Ислам дінінің өзі арабтың «сәләм» сөзінен, яғни бейбітшілік, тыныштық мағынасын беретін асылы сөз екенін айтып, өзге дін өкілдеріне не өзге ұлт өкілдеріне жақсы мәміледе, қарым-қатынаста болуы тиістігін Пайғамбар (с.а.с) хадистерімен жеткізді. Жиын соңында «Түркістан», «Ж. Сауырбаева» мектептері және балабақша ұстаздары өз туындыларын көрсетті. Сонымен бірге, ашылған көрмеге көші-қон жылдары Қазақстанға тағдыр тәлкегімен қоныс аударған этностардың өткені мен бүгіні туралы фото суреттер, тарихи құндылықтар қойылды.


Мақтарал аудандық «Нұғман» мешітінің баспасөз қызметі

IMG 638

IMG 639

IMG 640

IMG 641

IMG 642

IMG 643

By Редакция

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігі, Шымкент орталық "Halifa Al-Nahaian Aqmeshiti" мешіті. Мекен жайы: ҚР Шымкент қаласы, Темірлан тас жолы, н/з Тел: 8(7252)45-33-38