Шымкент қаласы, Қаратау аудандық «Байғұт баба» мешітінде Тәуелсіздік күніне орай “Тұғырлы Тәуелсіздігіміз Құтты Болсын, Ағайын”,- атты аудандағы діни қызметкерлерінің қатысуымен көшпелі семинар болып өтті.
Семинарға Шымкент қаласы орталық мешіттің жанындағы тәртіптік кеңес жетекшісі Бекайдар қажы Әміре, қалалық наиб имамдар Ахметжан қажы Керімбек, Қазыбек қажы Сарыбаев және Абай, Әл-Фараби, аудан имамдары Мұхамметжан қажы Естеміров пен Ералы қажы Есенгелдиев, сондай-ақ, зекет «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Айбек қажы Азимбаев қатысты.
Семинарды Қаратау аудан имамы Ербол Қалшабек кіріспе сөзбен бастап, келген қонақтарды таныстырды. Қала имамы Бақдәулет қажы Нұрматұлының сәлемін жеткізіп, қонақтарға кезегімен сөз берді.
Алғашқы болып сөз алған Бекайдар қажы Төлжанұлы, — шын мәнінде Алланың дінін насихаттап, елді имандылыққа шақыруда ыждағатты болу – дін қызметкеріне тән мәртебелі іс.
Алланың құзырында жасайтын құлшылығымыз бен дұғаларымыздың қабыл болуы.
Оған деген шынайы сенім мен ізгі амалдарды ықыласпен орындап, ыждаһат танытуымызға байланысты.
Осы ретте баршаңызды діни саладағы жұмыстарды ерекше ықыласпен, ыждағатпен, жауапкершілікпен орындауға шақырамын, — деді.
Кейінгі сөз алған қонақтар өз салалары бойынша жұмыс жасаудың қыр-сырымен бөлісті.
Семинарды қорытындылаған Ербол Тастанбекұлы, имамдарға ҚМДБ-ның төрт бағыты мен барлық салалары бойынша нәтижелі жұмыс жасауға үндеді.
ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі









